«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылады

/uploads/thumbnail/20181106112412037_small.jpg

ҚР Президентінің Жолдауындағы міндеттер Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің артуына серпін береді.

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасы Үкіметінің баспасөз орталығындағы брифингте ҚР ПрезидентініңЖолдауында алға қойылған қандай міндеттердің Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға серпін беретіндігін баяндады.

Ескесалсақ, Дүниежүзілік экономикалық форум Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің кезекті рейтингін шығарды. Рейтинг 35 жылданберішығарылыпкеледі. Қазақстанрейтингке 2006 жылданберіқатысады. Есепкесәйкес, 140 елдіңішіндеҚазақстан 59 орыналыпотыр (Үндістан – 58 және Колумбия – 60), бұл 2017 жылғыжайғасымғасәйкескеледі (жаңаәдістемеменесептеубойынша – 59 орын). 12 бәсекегеқабілеттілік факторы бойыншажақсарту бес фактор бойынша, төмендеу төрт фактор бойынша орыналды. Үш фактор бойынша жайғасым өзгерген жоқ. Министр жекелеген бәсекеге қабілеттілік бағыттары бойынша артта қалуды жою үшін Үкімет бірқатар пәрменді шаралар қабылдап жатқанын хабарлады.

«Мәселен, Мемлекет басшысы өзінің 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Тұрмыс сапасын арттыру» атты екінші міндеті аясында аталған салалардағы шығындардың тиімділігін арттыруға екпін бере отырып, білім беру мен денсаулық сақтауды мемлекеттік қолдауды кеңейтуге айрықша назар аударды», - деді Тимур Сүлейменов.

«Инновациялық әлеуетті жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы әзірленетін болады», - деді министр.

«Қаржылық жүйені жетілдіру үшін қаржылық сала мен қарызгер кәсіпорындарды нақты сауықтыру; кешенді инфляцияға қарсы тиімді саясат жүргізу; ұзақмерзімдік теңге несиелерінің нақты қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады», - деді ол.

Тимур Сүлейменов атап өткендей, көлік инфрақұрылымын дамыту үшін 2025 жылға дейінгі «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жалғастырылады. Экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік санкциялар мөлшерін ұлғайтуға қатысты заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Құқыққорғауоргандарыныңжұмысынтүбегейліжақсартужәнеазаматтардыңқауіпсіздігінқамтамасызетумақсатындаішкіістерорганынжаңғыртудың «Жолкартасы» қабылданады. Ол халықпен жұмыс істеудегі жаңа заманауи форматты енгізуді көздейді.

«Проактивтік сауда саясатын күшейту, қазақстандық экспорттаушыларды қолдау, отандық өндірушілерді қолдауды күшейту шараларын көздейтін экспортқа бағдарланған индустрияландыруға көшу жүзеге асырылады. Бұдан басқа, мемлекеттік қолдау құралдарын және даму институттарының мүлкін түгендеу, жүргізіледі, өңдеу өнеркәсібі мен шикізатсыз экспортты қолдауға қосымша 500 миллиард теңге бөлінеді», - деді министр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар